Аудандық оқушылар үйінде «Шабыт» көркемдеп оқу үйірме оқушыларының арасында ана тілімізде көркем сөйлеуге үйрету, қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Таңғажайып қазына» танымдық сайысы ұйымдастырылды.
Ойын барысында асықтың «алшы», «тәйкі», «бүк», «шік» түсуіне орай 4 сайыскер іріктеліп, «қазынаға барар жолда» асықты иіру арқылы тақтадағы сандар жасырылған «әдебиет», «тарих», «салт-дәстүр», «тәрбие басы–тал бесік» сұрақтарына жауап берді. Белгілі сыншы, жазушы Зейнолла Серікқалиұлының өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Қазылар алқасының шешімімен Кәусар Розымбек 1 орын, Бақдаулет Мықтыбек 2 орын, Нұржасар Елеусін мен Мәдина Анесова 3 орыннан көрінді.
Г.Жасқайырқызы,
аудандық оқушылар
үйінің мұғалімі