Таңатар Дәрелұлы: Аппақ гүлдер айлалы

(1 Vote)

Ақ халатты қыз-келіншектерге                          

Сезінбестей біз емеспіз надан жан,

Дәрігерлер ішкендерің адалдан.

Өзгелердің, сырқатымды менің де,

Сылып бердің, сүліктей боп қадалған.

 

Аппақ болып жете қалдың қайдан да,

Аппақ сәуле төгіп тұрған айдан ба?

Жан алқымнан сырқат қысты сығымдап,

Ажыраттың асып одан айлаң да.

 

Жанарыңда мейірім ғой көп тұнар,

Жүрек-мылтық күні болмас бос тұрар.

Тосын дертті көздеп атып жайратар,

Сенен асқан айлалы жан жоқ шығар.

 

Тыңдар сана болса бәрі пайда ғой,

«Саулық түзет, басқа ісіңді жайға қой!»

Білім,білік,тәжірибе,бәрі де,

Сырқат-итті он орайтын айла ғой.

 

Дүниеде дерт меңдеген ғаріп мұң,

Ғаріптерді тұрғызам деп алыстың.

Қолыңда тұр,өшірмеуге қиналдың,

Тірлік жағар тетігі де жарықтың.

 

Қара басқа ойламайтын пайданы,

Жар төсегі... Түгенделген қай қамы?

Аппақ гүлдер сендер жүрсең тербеліп,

Сұм сырқат та асыра алмас айланы.

 

Жатыр сенің есігіңнен кім кірмей,

Талай рет мен де кіргем міңгірлей.

Қайта қоссаң бір сыныбы қарсы алды,

Өмір-мектеп, қоңырауы күмбірлей.

 

Кешірдің де кесір тілдің мінін көп,

Әзиз жүрек, қалсын тілім-тілім боп.

Өзгемізге жайлы төсек, түн тисе,

Сенің ғана меншікті күн, түнің жоқ.

 

Сен-ділгірсің,жүруге бір жайланып,

Сен тағдырсың қалған мәңгі байланып,

Сырқат аздай,енді ойлап табуда,

Асыра түс алпыс екі айланы.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521