Таңатар Дәрелұлы: Ақ мамалар!

(0 Votes)

Бір қызымның бойынан сый кетпейді,

Кейбір әйел еріне билетпейді.

Біздің қазақ оларды долы дейді,

Нөсер жауын сияқты сигектейді.

 

Қылықтысы арқандай ширатылып,

Жолбарыстай кетеді кейде атылып.

Жәудіреген көздерден айналдым сол,

Тал бойында тұратын иба тұнып.

 

Тасқа ұрғызар жарлар бар қу маңдайды,

Пері болып анадан туғандай бір.

Қазақ айтқан: қос үйді қос қондырмай,

Өңмен тепкен желдей бір сумаңдайды.

 

Жаралған да жетеді көңілсізден,

Паң көрініп өзінше өзімсінген.

Арыстандай айбатты ері тұрсын,

Кез-келгенге әйел бар, көзін сүзген.

 

Олар да бар делінсін қырық шырақ,

Тұтанбаған шырақтар қырық құрақ,

Жағаласып ерлермен арақ ішіп,

Жоқ дейді кім жүргенді тұрып, құлап.

 

Қылымсиды қыз болып балдырған да,

Жылар кейін бойы өспей қаңғырғандар.

Бір сәбиге зар болып жүргендер көп,

Қымбаттысын ертерек алдырғаннан.

 

Атанумен кәрі қыз масыл болып,

Тұйықталған ару бар, асыл жолы.

Кейбір әйел, масқара-ай, қыздар да жүр,

Он еркекке күніне қатын болып.

 

Мұңға тұнып көздері қарақаттай,

Бұл өмірге түскен бір жарақаттай.

Шаранасын селт етпей лақтыру көп,

Қақшаңдайды кей қатын бала таппай.

 

Анасымен біз елміз мақтана алар,

Әлгілерді жайым жоқ ақтап алар.

Әрқайсысы он-оннан бала туып,

Қара жұмыс істеген ақ мамалар!

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT