Тәжтажалдан тезірек құтылу үшін қатаң тәртіп қажет!

(0 Votes)

Аты жаман індет ауданымыздан да айналып өткен жоқ.

Керісінше, жасқа да, басқа да белгіге қарамай, талай жанның ғұмырын жазықсыз жалмады. Бұл келеңсіз жайт баршамызды бей-жай қалдырмай, өзімізбен қоса өзгенің де өмірі үшін жауапкершілікті күшейту керегін жадымызда жаңғыртып тұрғандай.

i

img_2545

Аудан әкімдігі жанындағы мониторингтік топ Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысы қаншалықты деңгейде іске асып жатқанын тексеру мақсатында сенбі, жексенбі күндері арнайы рейдке шықты. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміровтің жетекшілігімен топ мүшелері төрт бағытқа бөлініп, жоспарға сай жұмысты ыждағаттылықпен жүзеге асыруға кірісті. Ұ.Өтегенов, А.Хайрлиев Құрманғазы ауылына шолу жасаса, Ж.Бектеміров, Е.Баяров Теңіз, Бірлік, Сафон ауылдарына бағыт алды. Н.Төлепов, Т.Жұмабаев Мақаш, Еңбекші, Орлы ауылдарының жай-күйімен танысса, Ә.Тоқтаров, Ш.Әлжанова Ақкөл, Жаңаталап, Нұржау ауылдарын назарда ұстады.

i

Демалыс күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынуына байланысты Құрманғазы ауылының алты нүктесіне 18 шілде күні таңғы 6.00-ден 20 шілде күнгі 6.00-ге дейін уақытша блок бекеттер қойылды. Олар «Құралай» ЖЖМБ бекеті жанын, орталық көпір, «Кресті», «Бұзаусылан», «Самаркин» мөлтек аудандағы көпірлерді, «№7 Өртке қарсы» мекеме жанын қамтыды. Бұл жағдайтұрғындарға алдын-ала хабарланса да, «шаруамыз шаш етектен» деп қарсы шыққандардың да қарасы аз болмады. Полиция қызметкерлері осы іс-әрекеттің бәрі де қарапайым халықтың қамы үшін жасалып жатқанын түсіндіруден бір тынбай, тәртіпті қатаң қадағалады. Тек үзіліссіз қызметтегімемлекеттік мекемелердің автокөліктері кедергісіз өтті. Жаяу жүргіншілерге де бос сенделмей, азық-түлік пен дәрі сатып алу үшін ғана жүруге рұқсат бары ескертілді.

img_2559

img_2561

Тексеріс нәтижесінде ешбір ауылда той, қонақтық, садақа секілді адамдар көп шоғырланатын жиындар тіркелген жоқ. Қоғамдық тамақтану обьектілеріне (кафелер, мейрамханалар, барлар), аспаздық және сатумен айналысатын ұсақ бөлшек сауда объектілерінің қызметіне «үйге жеткізу» қызметі бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілгендігі аясында аталмыш орындар бақылауға алынды. Азық-түлік дүкендеріне жалпы санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Дүкендердің көбінде антисептик есіктің кіреберісінде тұруы дұрыс қадағаланбаған. Сонымен бірге есіктің тұтқасына оралған дәкелердің құрғап қалғанына қарап, оның 2 сағат сайын ауыстырылғаны жөн екені қайталап еске салынды. Сатушылар ішке маскасыз, үш адамнан артық кіруге болмайтынын тұтынушыларға тәлпіштеп айтса да, арақашықтықты сақтауға құлықсыздар саны әлі де қатарын жоймағанына қапалы күймен шағымдарын төкті.

img_2563

Шолу барысында мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы «Сұлтан» ұялы телефондар сататын орынның ашық тұрғанына көз жеткізіп, дереу санитарлық қаулыға сай жабылуы тиіс екенін, егер құлақ аспаса айыппұл салынып, тиісті іс-шаралар алынатынын мәлімдеді. Принтер арқылы тек жанындағы шағын супермаркеттің құжат қағаздарын басып отырғанын айтып ақталған сатушы қыз ескертпеден қорытынды шығарып, сол мезетте есігін тарс құлыптады. ПМК шағын ауданындағы «Сыра» дүкенінде «үйге жеткізу» қызметінен бөлек, ашық сауда жүргізіліп тұрғаны анықталды. «Шектеу шаралары айтылмады» деп абдыраған сатушы ескертпеден соң, лезде дүкенді жабуға келісті. Өзге де азық-түлік дүкендерінің сатушылары көкейіндегі сауалдарға мониторингтік топ мүшелерінен тұщымды жауаптар алды.

rejd2

rejd3

Су жағасын шолу да шетке ысырылмады. Қараңғылық түскеніне қарамастан арнайы топ мүшелері жағалауларды түгел асқан қырағылықпен қарады. Кесір індеттің кезінде көңіл-көтеруді місе тұтып, көл маңайынан бой көрсеткендер табылмады. Аудан жұртшылығының ауру жұқтырмай, алаңсыз тірлікке көшуі үшін жасалатын тексеріс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

r

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT