1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауында дауыс берушілердің басым даусына ие болып, Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды.
Елбасымыз ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткерлік талантымен, ел басқару ісіндегі мол тəжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің Тəуелсіздігі мен қадір-қасиетін арттыруға үлкен еңбек еңбек сіңірді.
Туған еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуына аянбай еңбек еткен Елбасының арқасы екенін бүгін де баршамызға аян. Осы мереке арқылы әрбір азамат Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында, қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосып келеді.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін - Тұңғыш президент күні мерекесімен аудандық мәслихат аппараты мен депутаттар корпусы атынан құттықтаймын. Мемлекетіміздің одан әрі өрлеу мен өркендеу жолындағы еңбектеріңізге береке, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілеймін.
Ізгі тілекпен, Құрманғазы аудандық мәслихатының хатшысы Жүгінісов Болат Теміржанұлы