Тәуелсіздіктің торқалы тойында

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығы құрметіне «Қазақстаным – ғажабым, ғаламатым» атты мерекелік салтанат болып өтті. Шара аудан өнерпаздары дайындаған әдеби композициямен басталып, еліміздің Әнұранының шырқалуымен жалғасты.

Аудан әкімі Марат Мурзиев шағын мерекелік баяндамасын оқып, жиналғандарды ұлық мерекемен құттықтады. Бір топ ардагерлер мен еңбекте үздік шыққандардың өңіріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін қадап, гүл шоқтарын табыстады. Сондай-ақ, әр саланың озат қызметкерлерін, ардагерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

9c12e6e5-089c-4d58-9a74-7c8eb20fe3d6

1df7018a-9eb2-461d-8702-09702b3ec3e4

Салтанатты шара барысында еңбек ардагерлері М.Харистегі, З.Ғұмаров, Н.Зұлхарнаев, Н.Әубекеров, В.Қалиева, Б.Қалиев, М.Матыбаев, белгілі ғалым Е.Махмудов, дәрігер Р.Ғабдушеваларға «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов құттықтау сөзін арнап, еселі еңбектерімен көзге түскендерді облыстық және аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен ұлығылады.

 

f0480147-bca3-46ac-abfa-54a45fd3a05f

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиұлы елдің өркендеуіне үлесін қосқандарға Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын табыс етті. Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының үлкен мерекелік концертіне ұласты.

 

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT