Тәуелсіздіктегі таңдаулы 30 кітап

(1 Vote)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өңір жастары арасында "Тәуелсіздіктегі таңдаулы 30 кітап" жобасы жүзеге асырылуда.

Яғни, жастар онлайн немесе оффлайн алаң құру арқылы әрқайсысы мағыналы әрі пайдалы бір кітаптың 30 бетінен оқып бір жылда 30 кітапқа талқылау жүргізу. Жоба мақсаты- жастар арасында кітап оқу мәдениетін жаңғырту отандық және заманауи авторларды танымал ету.

Бүгінгі кездесу барысында әр саладағы белсенді жастар кітаптан алған оң әсер мен ой -пікірлерімен онлайн және оффлайн бөлісті. Александр Сергеевич Пушкиннің "Рассказ о рыбаке и рыбке", Зейнолла Қабдоловтың шығармалар жинағының 2-томы, Жұмекен Нәжімеденовтың лирикалық шығармалары, Шыңғыс Айтматовтың "Найман ана" әңгімесі, Мұхтар Әуезовтың "Қараш -қараш" оқиғасы талқыланды. Бұл жобамыз бұдан кейін тоқтап қалмай, жыл соңына дейін жүзеге асады, әр ай сайын жастардың басын қосып қызықты кітаптарды одан әрі талқылай түсеміз.

Дархан Иргазиева, аудандық Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT