Тәуелсіздікке рух берген 30 ән

(0 Votes)

Егемендіктің торқалы тойына арналған эстафеталық байқау Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын тапты.

Білім ошағындағы шәкірттердің тек оқу-біліммен шектелмей, өнерді қоса игеріп, бойына мәдениетті жиғызу, Отанды сүю мен қадірлеу мақсатында «Тәуелсіздікке рух берген 30 ән» атты концерттік кеші өтті. Оған аудандық білім бөлімінің мамандары мен сол мектептің ардагер ұстаздары, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Сайыс талабына сәйкес 40 минуттық шараның шымылдығын алтынсариндік көркемсөз шеберлері ызғарлы желтоқсанды жырлаған патриоттық өлеңдермен ашты.

img-20211207-wa0052

Мектеп директоры Алтын Тілекқабылқызы алғысөз алып, үш он жылдықты еңсерген тойымызбен құттықтап, білектің күшімен, найзаның ұшымен келген Тәуелсіздіктің баянды болуын тілек етті. Кейін мұғалімдерден, орта және кіші буыннан құралған хор және «Нұршуақ» аналар ансамблі, бүлдіршіндер триосы басқа да өнерпаздар жүректі тербер рухты әндермен сахнаның көркін аша түсті.

img-20211207-wa0054

img-20211207-wa0050

img-20211207-wa0055

«Қарлығаш» би тобының мың бұралған бишілері «Батырлар» атты трюктік би ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік кешті мектеп ұжымы «Қазақстан – Отаным» атты хормен аяқтады.

Айта кетейік, аудандық білім бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тартуымды еліме арнаймын» атты эстафеталық байқау ұйымдастырған болатын. Яғни, әр мектепке арнайы тақырып беріліп, тапсырманы аудандық көлемде оздыру талабы қойылған еді. Бұл тұста, Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі олқы соқтырмай, концерттік бағдарламаны жоғары деңгейде өткізіп, келесі кезекті сәрсенбаевтық әріптестеріне жолдады.

img-20211207-wa0051

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT