С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада аудан әкімі Қайрат Нұртаев мерекелік баяндама жасап, бір топ еңбекте табысқа қол жеткізгендерді «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін», ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіптік одағының І-ші, ІІ-ші дәрежелі «Еңбек даңқы», «Құрметті ардагер», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, «Nur Otan» партиясы, облыстық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.
«Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағы білім, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Балғаным Хасенова, Зинетолла Мұқлесовке, KMG Kashagan BV компаниясының әлеуметтік инфраструктуралар жобасы департаментінің менеджері Руслан Аубекеровке берілді.
Бір топ еңбек ардагерлеріне ауданның Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, өз салалары бойынша 2020 жылдың үздіктері мен озаттары ұлығыланды.
Академик жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Саягүл Бақтыгереева құттықтау тілектерін арнады.
А.Шакупова