Құрметті құрманғазылықтар!
Сіздерді егемен еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен Құрманғазы аудандық мәслихаты атынан құттықтаймын!
Тарих бетінде Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып енген еді. Отыз жылға жуық уақыт аралығында аяғын тәй-тәй басқан жас мемлекетіміз биік асуларды бағындырып, дәулеті мен сәулетін өркендетіп, әлем таныған іргелі елге айналды. Жарқын болашақ үшін, бір мақсат пен бір мүдде үшін жасалған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде біздің Отанымыз дамыған елдермен терезесі тең мемлекет, көпұлтты хақы үшін керегесі кең атамекен болды.
Тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыруда біздің ауданымыздың тұрғындары да еселі еңбектерімен, белсенді азаматтық көзқарастарымен үлес қосып келеді. Бүгінгі елдің игілігіне жасалып жатқан келелі істер – Тәуелсіздіктің жемісі, халқымыздың жетістігі деп айта аламыз. Экономикасы қуатты, халқы тату Отанымыздың ертеңгі күні нұрлы болатынына сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, жарқын көңіл, берекелі өмір тілеймін.
Б.Жүгінісов, аудандық мәслихат хатшысы