Тәуелсіз мемлекетіміздің көк туы желбірей берсін

(0 Votes)

Құрметті Құрманғазылықтар!

Сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні — ұлт тарихындағы, қазақ елі шежіресіндегі ең құтты, ең ұлы күн. Өз алдымызға егемен ел болып, азаттықтың көк байрағын желбіретіп, тәуелсіздігімізді жария еткенімізге биыл жиырма тоғыз жыл толып отыр.

Ғасырлар бойы аңсап, қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміз еңсесін тіктеп, әлеуметтік-экономикалық өркендеуде. Үкіметіміздің байыпты да байсалды ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде мемлекетіміз күннен-күнге нығайып, өркениетке нық қадам басса – ол баршаңыздың тындырымды да еңселі еңбектеріңіздің, ел болашағына деген берік сенімдеріңіздің айқын айғағы деп түсінемін.

Мерейлі мереке қарсыңында Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасы амандығын, ырыс-береке тілеймін.

Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін!

Қ.Нұртаев, аудан әкімі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT