Түтінге қашанғы тұншығамыз?

(0 Votes)

- Мына түтіннен қашан құтыламыз?  Өткен әзірде тіпті тұншығып қалдық.

Өзім табиғатты қорғау облыстық инспекциясында 20 жылға жуық еңбек еттім. Сол кезде қамыс өртеп жүгенсіздікке барғандарды ұстап, тәртіптік жаза қолдандық. Бүгінде әркім  өз жерінің қожайыны болғанымен, табиғи өсіп тұрған шөпті өртеуге ешкімнің құқы жоқ. Далалықтағы өртті толықтай өшіру мүмкін емес. Қоға бықсып жана береді. Ал одан нағыз улы газ бөлінеді. Қазіргі таңда бұған тосқауыл қоятын құзырлы орган бар ма? Шекаралық аймақта орналасқан аудан үшін экология инспекциясы міндетті түрде қажет. Алдағы уақытта өңірімізде бұл бөлім бізде қайтадан ашылса нұр үстіне нұр болар еді.

Сату Каменов, зейнеткер

Бүгінгі күні Құрманғазы ауданының территориясында өртеніп жатқан жер жоқ. Теңіз тамағы жақта, Зинеден ауылының тұсында шамалы жер бықсып жатыр. Жел сол жақтан соққанда түтін бізге қарай кетеді. Оны біз қарап келдік. Енді, қамыс өртеушілерге шара қолдану туралы айтсақ, ол үшін тұрғындар бізге арыз түсіруі керек. Мысалы, менің жерімді өртеді деп. Содан кейін біз оны анықтауға полиция бөліміне жібереміз. Аталған бөлім анықтағаннан кейін шара қолданамыз. Бірінші рет ескерту беріледі. Екінші рет қайталаса айыппұл саламыз. Адамдар теңіз тамағына балық аулауға, аңшылыққа барады. Ол жердегі қамысты кім өртегенін анықтау мүмкін емес. Егер, көрген адамдар болып бізге хабарласып, арыз түсірсе жауапсыз қалдырмаймыз.

Т.Сансызбаев,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT