Мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды

(0 Votes)

 Мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін айыппұлсыз жүзеге асырылады деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап ХҚО-ның жұмысы тоқтатылуына орай кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді, сонымен бірге жеке басты куәландыратын құжаттар қайта рәсімделмеді.

Төтенше жағдайдың енгізілуі мәжбүрліктен туындағандықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану жөнінде шешім қабылдады:

1)Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар» туралы заңының 6 бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар,

2) Жүргізуші куәлігі, сонымен қатар уақытша берілгені, міндетті техникалық байқаудан өткені жөніндегі анықтама,

3) Азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың оқтарын ұстауға, сатып алуға, сақтауға берілген рұқсаттар,

4) Елге кіруге және шығуға берілген рұқсаттар(визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға берілген рұқсаттар, еңбек мигранты мен жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар, пана сұрап келген тұлғаның анықтамасы.

Жоғарыда аталған құжаттардың төтенше жағдай кезінде және ол тоқтатылған 60 күнтізбелік күн ішінде жарамдылық мерзімі аяқталса да ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін жарамды деп саналады.

Төтенше жағдай кезінде және ол тоқтатылған 60 күнтізбелік күн мерзімге дейін 16 жасқа толып жеке басын куәландыратын құжаттар алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін көрсетілген мерзімде олардың жеке басын куәландыратын негізгі құжат туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болып табылады.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT