Төтенше жағдайға әзірлік қалай?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Оны комиссия төрағасының орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сансызбаев жүргізді.

Алдымен «Аудан көлеміндегі нысандар мен тұрғын үйлердің күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығы» бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш.Мусин хабарлама жасады.

Комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселені талқыға алды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Ғарипжан Құрманов тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары мен адамдардың газбен улану оқиғаларының алдын алу туралы айтып өтті. Оның мәлімдеуінше, 2021 жылы аудан бойынша тұрғын үй секторында 4 оқиға тіркеліп, материалдық шығын келмеген. Өрт оқиғасынан ешкім жарақат алып, қаза болмады.

«Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу» туралы қаулыға сәйкес тамыз, қазан айлары аралығында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу үшін іс-шаралар жоспары жасақталған. Бүгінде тұрғын үйлерді жауапты мамандар аралап, газдан улану жағдайларын болдырмау және тілсіз жаудан сақтану бағытында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Комиссияда Орлы ауылдық округінің әкімі Ж.Бектеміров жылыту маусымын уақтылы ұйымдастыру, жауапты мекемелерді жұмылдыру, күзгі тексеріс жұмыстарын бастау бағытында өзінің ұсыныстарын ортаға салды.

«Аудан көлеміндегі өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының техникалық жағдайы» жөнінде «Атырау облысы Су арнасы» КМК Құрманғазы аудандық филиалының бас инженері М.Мукушев №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ә.Қоңқаев баяндады. Мәжілісті комиссия төрағасының орынбасары Т.Сансызбаев қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелерді қадағалуда ұстаудың, әсіресе, қысқы маусымның қауіпсіздігін бақылауға алу үшін тиісті бөлім, мекемелердің бірігіп, жүйелі жұмыс жасауларының маңыздылығын жеткізді.          

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT