Тұтқында болған ауылдас

(6 Votes)

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтінін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Ел басына күн туғанда,елдік пен ерлік сыналар шақта қолына қару алып,Отан қорғауға қатысып,төрт жылға созылған қанды соғыста талай қиындықты бастан кешіріп,талай қанды көйлек жолдастарының өліміне куә болып жеңіс күнін жақындатуға бар күшін жұмсаған соғыс ардагерлеріміздің бірі- Камиев Какибек атамыз. Бұл майдангер Құрманғазы ауданы, Шортанбай селолық округінің Жасталап ауылының тұрғыны Какибек атай еді.

Камиев Какибек 1912 жылы Гурьев қаласы,Теңіз ауданны,Байда ауылында дүниеге келді. 5 жасында ата -анасынан жетім қалып,өмірдің ащы дәмін татады.7 жасында Дөлеңкі деген жерде орыс купесі Федорға жалданып,балық тазалап бәтәғада жұмыс істеп күнін көреді.Өсе келе әр түрлі жұмыстар жасайды. 1940 жылы 13 ақпанда Совет әскеріне шақыртылып,1941жылы 25 тамызда әскерден оралады.Сол жылы соғыс басталып,елін қорғауға соғысқа аттанады.1943жылы жау қоршауында қалып тұтқынға түседі.Бұл тұтқынға түскендігін дәлелдейтін денесінде белгі соғылған. Қасында майдандос досы Ғибрат Досболаев та болады.Тұтқында аяқтарында ағаш , ішкендері сасық қанды су болған. Осы қапастан 1946 жылы Америка солдаттары құтқарған.1946 жылы күзде олар елге оралады. Сол жылдан бастап бейбіт өмірде еңбек етеді. 1975 жылы 25 сәуірде «Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына орай СССР Үкіметінен медалімен» марапатталады.

Зинекен атты арумен отбасын құрып, бес бала тәрбиелеп өсіреді.Жасталап,Котяев колхоздарында балықта звено бастығы болып тапсырманы артығымен орындап, еңбегі үкімет тарапынан бағаланып,әр түрлі медаль,граммоталармен марапатталады.Бұл күнде немере-шөберелері аталарының осы бір қиын қыстау кезін еске алады.Мектепте қазақ әдебиеті сабағында шығарма жазуда осы бір сұрапыл кездерді негізге алып,қазіргі бейбіт өмірдің қалай келгеніне өз аталарының қосқан үлесі туралы ой толғайды.Камиев Какибек 1997 жылы дүниеден озды.Артында қалған ауылдастары атайды еске алып, өскелең ұрпаққа әңгімелеп отырады. Ұлы Жеңістің маңызын сары майдай сақтап,өкшелеп келе жатқан өскелең ұрпаққа асыл мұра, қымбат қазынадай қалдыруда еш аянып қалмайық.

Ұлы Жеңістің Туы желбірей берсін!

Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің “Жас аналар”мектебінің жетекшісі Айнур Батырбекова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521