Түсінік жұмыстары жетіспей жатыр

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында Құрманғазы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Каратекеев хабарламасында браконерлікпен күресте атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, ұсталғандардың атын атап, түсін түстеп, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Айтуынша браконерлер балық аулау үшін 50-60 шақырымға дейін барады. Инспекцияда мұз үстімен ондай қашықтыққа жүретін көлік жоқ. Заңсыз балық аулауға деген халықтың түсінігі де өзгеше. «Пандемия салдарынан жұмыссыз қалдық. Қалай күн көреміз?», деп қарсылық көрсетуге дейін барады. Сол себепті округ әкімдері тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуі қажет. Комиссия мүшесі аудан прокуроры Магилан Рахимов заңсыз балық аулаушыларды басынан барып ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартып, 6 жылға бас бостандығынан айырмайынша ахуал түзелмейді деген өз ұсынысын ортаға салды. Комиссия мүшесі Жандос Бектеміров халықты заңсыз балық аулап, жауапкершілікке тартылудан сақтандыру үшін ұсталғандар жайлы қысқа бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерге салудың тиімділігін алға тартты. Комиссия мүшесі Қанат Ғұмаров тәркіленген балықтар қайда жіберілетінін, неге халыққа арзан бағамен сатылмайтынын сұрады. Берілген жауапта ол балықтар «Тілекші», «Амангелді» ӨК-не табыс етілетіні, халыққа сатуды солар ұйымдастыратыны жеткізілді. Отырыс барысында Құрманғазы инспекциясына қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсету мәселесі де қаралды. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Найзабек Құбашев тәркіленген мотоциклдерді инспекция неге жекешелендіріп алмайды деген ұсыныс жасады. Ал, комиссия төрағасы өр суы келгенде балық жолдарының бітеліп қалуының алдын алу үшін оларды анықтау мақсатында комиссия құруды тездетуді тапсырды. Комиссия отырысын оның төрағасы Қайрат Нұртаев қорытындылап, құқық қорғау органдары мен шекарашыларға «Бармақ басты, көз жұмдыға» жол бермей бұл жұмысты дұрыстап ұйымдастыруды жүктеді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521