Түсінік жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары коронавирустық инфекцияның(COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында аудан орталығындағы сауда орындары мен көтерме сауда дүкендерін аралап, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасы негізінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

190121-rejd

Сондай-ақ, мамандар саудагерлерге аты жаман індеттен сақтану шараларына немқұрайлы қарамау – адамның жеке басы мен айналасына білдірген жанашырлығы, құрметі екенін нақтылап айтты. Кәсіп иелері шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілеріне (сауда базарлары) қойылатын талаптар көрсетілген аталмыш қосымшамен танысу парағына қолдарын қойды. Жоғары маңызға ие түсінік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

1901-rejd211

1901-rejd-21

 
Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521