Тәртіпке бағынған құл болмас

(1 Vote)

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 2 тамызындағы "Атырау облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы" №60 қаулысына сәйкес, қатаң карантиндік режим 17 тамызға дейін ұзартылған болатын.

Аталмыш қаулы бойынша сауда үйлері және құрылыс дүкендерін бақылау үшін аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ кезекті рейдке шықты.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміровтің мәліметінше, көп жерлерде карантиндік талаптарды сақтау тәртібі әлі де көңіл көншітпейді. Мысалы, орталықтағы «Аманат» құрылыс дүкені иесіне осы күнге дейін 2 рет шектеу шарасын бұзғаны үшін айыппұл салынса да, ескертуден нақты қорытынды шығармай келеді. Басқа да құрылыс дүкендерінің қазіргі келеңсіз жайтқа ден қойып жатқандары шамалы. Тек «үйге жеткізу» қызметімен ғана жұмыс жасауға рұқсат алған орындар артқы есіктері арқылы сату ісімен айналысып, ішке адамдарды бетпердесіз кіргізген кездері көп байқалған. Өзгенікін былай қойғанда, өз өмірі үшін қаннен қаперсіз кейіп көрсететін қызметкерлердің бұл жөнсіз тірлігі шынымен де жаға ұстатады.

img_2754

Рейд кезінде «Құралай» сауда үйіндегі «Донер» дүкені тұтынушыларға есігін айқара ашып тұрғаны анықталды. Сонымен қатар «Жайнар» сауда үйіндегі компьютерлік қызметтер көрсететін орынның да жұмысы жалғасып жатқаны белгілі болды. Шектеу шарасына немқұрайлық танытқан жауапты мамандар жасалған қатаң ескертуден соң, есіктерін дереу құлыптады. Азық-түлік дүкендерінің де санитарлық ережелерді сақтауын қадағалау назардан тыс қалмады.

img_2756

Аудан әкімдігінде мониторингтік топ мүшелері жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, қаулыға сәйкес талаптардың орындалуын қадағалауды күшейтуді тапсырды, міндеттермен танысу парағына қол қойылды. Алдағы уақытта да тәртіп бұзушылық факторлары тіркелсе, тиісті шара алу істері тоқтатылмақ емес.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521