Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам кеселі

(0 Votes)

Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық түйткілі өзекті мәселеге айналуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көбіне әйел адамдар зардап шегеді.

Маскүнем күйеуінен үнемі таяқ жеген ананың кейбірі амалсыз құқық қорғау органдарына жүгінеді. Әлдінің әлсізге әлімжеттік қылып, басынғаны, қорлағаны қашан тоқтайды? Қаншама отбасының сүреңсіз күндері осылай өтіп жатыр десеңізші...

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның пандемиялық ахуалға орай Zoom форматында  өткен кезекті отырысында осы мәселе жан-жақты талқыға алынды. Оны комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. «Отбасында және әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар» туралы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Әжігереев, Сафон, Жаңаталап, Ақкөл, Кудряшов ауылдық округтерінің әкімдері Р.Қамзаева, О.Тәжібаев, Б.Рамазанов, С.Ертілеуов хабарлама жасады. Бір ғана Құрманғазы ауылдық округінде өткен жылы отбасынан жәбір көріп, жапа шегудің 67 дерегі тіркелсе, биыл 18 жағдай орын алып үлгерген.

zorly-zombyly-otyrysy

Комиссия төрағасы Н.Қалиев, мүшесі Б.Хасенова хабарламаға орай туындаған сұрақтарын қойып, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алуда жергілікті атқарушы органның, полиция инспекторларының рөлі, отбасындағы келіспеушілікті болдырмауда тәрбиелік іс-шаралардың маңызы, әйелдерді оңалту және арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары турасында сөз қозғады.

Аудандық полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Базаргүл Қараева өткен жылы күйеуінен таяқ жеп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер тарапынан – 163, биыл 3 айдың ішінде 39 арыз-шағым тіркеліп үлгергендігінен хабардар етті. Мәжілісті қорытындылаған комиссия төрағасы Н.Қалиев тұрмыстық зорлық мәселесі – қоғам кеселі және ол барлық алдын алу субъектілерінің бірігіп жұмыс атқаруы арқасында ғана оң нәтиже беретінін алға тартты.  

А.Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521