Тұрмыстық зорлық-зомбылық - қоғам кеселі

(0 Votes)

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесін құру және мекеменің жарғысына толықтыруларды еңгізу туралы қаулысына сай «Белгілі тұрағы жоқ әйел адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» Атырау бойынша ашылғандығы жөнінде, АПБ-нің  қызметкерлерімен халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілген болатын.

Осыған орай тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, сондай-ақ белгілі  бір тұрағы жоқ  5 (бес)  әйел адаммен 16 (он алты) кәмелетке толмаған балалар фактісі анықталды.

Атап айтқанда, Құрманғазы ауылының тұрғыны 1982 ж.т  азаматша  Н.А  4 (төрт) кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен, өзімен бірге тұрып жатқан адамынан отбасы тұрмыстық қатынасы саласында зардап шеккен соң, өз еркімен берген өтінішіне байланысты, дағдарыс орталығына орналастырылды. Орталықта жан-жақты көмек көрсетіліп, онда болу мерзімі біткеннен кейін шығып, тұрғылықты жеріне оралды. Қазіргі уақытта, өз үйінде азаматтық некедегі жолдасымен бірге тұрып жатыр.  Бұл азаматшамен учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция тобының инспекторлары бірлесіп, яғни қолайсыз отбасы ретінде есепте тұруына байланысты үнемі тұрғылықты мекен-жайынан тексеріп,  профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Байда ауылының тұрғыны 1989 ж.т  азаматша  К.С  4 (төрт) кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен, Құрманғазы ауылының тұрғыны 1993 ж.т азаматша Г.Р 4 (төрт) кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен және Кудряшов ауылының тұрғыны 1958 ж.т  зейнеткер  Б.Б  орталыққа орналастырылып, бұнда оларға жан-жақты көмек көрсетіліп, аталған орталықта болу мерзімі біткеннен кейін тұрғылықты жеріне оралды. Сонымен қатар,  Жаңаталап ауылының тұрғыны  1987 ж.т азаматша С.А  4 (төрт)  кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен, казіргі  уақытта  дағдарыс  орталығында. Оларға дағдарыс орталығы тарапынан барлық жағдайлар  жасалып, оңалту  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.

Жоғарыда  аталған  орталыққа, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар  саласында жәбір көрген әйел адамдары Құрманғазы АПБ-не келіп, көмек сұрап келуіне байланысты оларға  дер кезінде көмек көрсетіліп, тұрғылықты жерлері бойынша алға қарай тұруға мүмкімдік болмауына байланысты,олар осы орталыққа полиция қызметкерлерімен орналастырылды.

Алдағы уақытта, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар анықталған жағдайда, олардың құқықтарын қорғау және алғашқы көмек көрсету үшін, Атырау қаласындағы орналасқан «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдерге көмек көрсету» бөлімшесіне орналастыру мақсатында, Құрманғазы АПБ ЖПҚб  қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT