Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді. Тұрғындар өрттің туындау қауіптілігін ашық от көздерінен, ұшқыннан, алаудан, сөндірілмеген темекі тұқылынан көруге әдеттенген, бірақта ол әлі күнге дейін өзін қоршаған электр құрылғылардың өрт шығаруы мүмкін екендігіне мән бермейді.
Өрттің шығуының көп бөлігі ұмытшақтық пен бейқамдықтан туындайтыны таңғаларлық жағдай емес.
Статистикаға сүйенсек, өрттің көп бөлігі тұрғын жайларда болады, ал осы бақытсыздыққа көбіне тұрғындардың өздері кінәлі болып табылады. Өрт - сөндірілмеген радиоқабылдағыштан, теледидардан, магнитофоннан, электр үтіктен, электр каминнен және ұялы байланыс телефондарының қуат көзінен ажыратылмағандығынан шығуы мүмкін.
Тұрғындар есіне тұрғын үйлерге, пәтерлерге, қора-қопсы құрылыстарына, жеке гараждарға және басқа да тұрғын алаңдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есте сақтау керек:
үйдегі электр құрылғылар жарамды жағдайда болуы керек;
қыздырғыш құралдарды тез жанғыш заттарға орнатуға немесе ағаш үстелдерге қоюға жол бермеу қажет;
электр қыздырғыш құралдарды қолдану кезінде оларды қараусыз қалдыруға немесе балаларға тапсыруға болмайды;
үйден шығар кезде немесе түнгі уақытта электр желісіндегі құрылғыларды қуат көзінен ажырату керек.
Сөндірілмеген, қараусыз қалдырылған электр құралдары үй-жайда өрт шығуының себебі болуы мүмкін.
Сонымен қатар, ошақ жағатын тұрғын үйлерде пеш жағудың өрт қауіпсіздігін сақтаған жөн. Отты жаққан кезде пештің ішіндегі температура 600-800 градусқа дейін жетеді, одан пеш қабырғалары және түтіндік қызады. Егер үйдің ағаш бөлшектері (еден, төбе басқа да жанғыш заттар) пештің қабырғаларына және түтіндікке тығыз тиіп тұрса жануы мүмкін.
Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тасты негізге орналастырған жөн және пештің алдына ағаш еденнің үстіне өлшемі 50х70 см қаңылтыр қағып қойған жөн. Егер ондай болмаса, пештің аузынан түскен жанып жатқан көмірден өрт шығады. Пештің есігін жауып және қараусыз қалдырмаған жөн.
Түнгі уақытта ұйықтар алдында 1-2 сағат бұрын от жағуды тоқтатқан жөн (қатты отынмен, кемірмен жанатын пештерге байланысты). Бұл дегеніміз улы тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу және газбен жылытылатын қазандықтарға газбен жылыту құрылғылары істен шыққан кезде арнайы мамандарға көрсеткен жөн.
Ақгүл Әлібекқызы, Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі