Ауданда мұнай кәсіпшілігімен айналысатын бірден-бір өндіріс орны «Төбеарал Ойл» ЖШС мерзімдік басылымдарға жаздыртуды көптен бері қолдап келеді.
Елімізге белгілі кәсіпкер Нұрлыбек Майфөкұлы Хамитов басқаратын ұжым «Серпер» газетінің тұрақты демеушілерінің бірі. Аяқталуы таяған маңызды науқанда жылдағы дәстүр бойынша мұнайшылар қамқорлықты қажет етені Мақаш ауылдық округінен 50, Еңбекші ауылдық округінен 71 отбасын жаздырып мәрттік іс жасады. Ауылдастарының рухани азыққа қол жеткізуіне мұрындық болған серіктестік қызметкері, мемлекеттік қызметтің ардагері, «Серпердің» үлкен жанашыры Қамат Айтжанұлы Ғаббасов ағамызға да айтар алғысымыз шексіз.