Тұрақты орналастыру жылдағыдан төмен

(0 Votes)

Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өткен жиналыста аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиевтің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты баяндамасы тыңдалды.

Оған аудан әкімі Қайрат Нұртаев, округ әкімдері,жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Б.Өтеулиев 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасының және жаңа форматтағы АӘҚ тағайындау жұмыстарының орындалысы жөнінде кеңінен тарқатып айтты. Ол өз баяндамасында: -Күні бүгінгі жағдайда бағдарлама бойынша жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде орындалуда. Алайда өткен жылмен салыстырғанда тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткішіміз төмендеп отыр. Жыл басынан бері ХЖҚО 1159 адаммен байланыс жасап оның 1040-ы яғни 89% бағдарламаға қатысуда. 1040 адам жұмысқақамтылғанымен 184-і ғана тұрақты түрде орналасты.

i

Ауданымызда құрылысы басталған "Астрахань - Атырау" жолдары жобасын жеңіп алған "Сине Мидас Строй" ЖШС-нен үш мәрте он алты адамға сұраныс түсті. Бүгінде 60 шақырым жерді қайта қалпына келтіруде ауданымыздың 100 адамы жұмыс жасаса, аудандық ЖҚО арқылы 25 адам алынып отыр. Сондай-ақ Жастар тәжірибесінен шыққан жас мамандар аудан мектептеріне, дәрігерлік салаға барынша орналасып жатыр, бірақ өте аз. Мәселен, өткен жылы 140 жас маман жастар тәжірибесінен өтсе, жыл соңында олардың 24-і ғана жұмысқа орналасты. Жұмыссыздарды еңбекпен қамту үшін ауданымыздың барлық жұмыс берушілері мамандықты, жоғары біліктілікті талап етпейтін еңбекке адам алғанда және орын босағанда алдымен округ әкімдігіне хабарлап, аудан әкімінің қолымен бөлімдерге хат жолдап, бөлімдер өз салалары бойынша жұмыс берушілерді қаперлеп, осы бағытта жұмыстанып келеміз. Алайда көп жердемектеп, емхана, бала бақшалар мұндай ұсынысты қабылдамауда. Бұл тұста қысқы жылыту маусымында жұмыс жасайтын операторларды, еден жуушыларды айтып отырмын.

i

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, тойханаларға алған адамдарын әлі де заңдастырмау үстінде. Сайып келгенде бұл еңбекке араласқысы келетіндерге жасалып отырған қиянат. Себебі оларға 10% зейнетақы қорына төлем және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарнасы аударылмайды. Сондықтан округ әкімдері әлі де жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен түсінік жұмыстарын жете жүргізулері керек. Жақында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидоллаұлынан аудан әкімінің атына келген хатта, осы мәселеге баса назар аудару сұралған болатын. Ал, өзін-өзі қамтып отырғандар заңды түрде БЖТ төлеулері қажет. Жалпы, бағдарлама бойынша жоспарланған жұмыстартолық орындалады. Соның ішінде кешігіп жатыр деген бағыт - бұл несие мен грант алу болып тұр. Қазір 16 адам 52300,0 мың теңге көлемінде несие алып отыр. Ал грант 40 адамға қарастырылған, бұйырса оны өзіміз қаржыландырамыз.Сонымен қатар «Бастау – Бизнес» бағдарламасы бойынша 50 адамды оқытуға тапсырма берілді. Округ әкімдерімен бірлесіп осы жоспарды тиянақты орындауымыз керек. Грант тек ғана жастарға, көп балалыларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Осыған әр округ кемінде 3 адамнан бөлуі керек. Бұл дегеніміз қайтарымсыз қаржы, жаңа бизнесті бастау үшін беріледі. Қойылатын басты талап «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып сертификат алу, кәсіпкер ретінде тіркелу.

i

Қазіргі заң талаптарына сай барлық жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына және жұмысшылар арасындағы еңбек шартына тіркелулері қажет." 

i

Теңіз ауылдық округінің бас маманы Клара Құмарғалиева: Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған адамдар сол көмекті алады әрі біз жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша алты ай көлеміне және отбасы жағдайы қиын деп үш айға тағы да жұмысқа аламыз. Осылайша ол адам жыл бойыжұмыс жасап шығады. Мендегі сұрақ, басқа жұмыс алушылар қайда қалады? Бұл жағы бізге тиімсіз және тұрғындар дабұған қарсы, - деп ойын ашық жеткізді. Осы сұрақты аудан әкімі Қайрат Талапұлы өте орынды деп атап көрсетіп, жоғары басшылыққа жеткізетінін айтты.

Ақтілек Абайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT