Тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы - басты назарда

(1 Vote)

COVID-19 вирусынан құтылудың басты жолы вакцина салдыру. Өйткені тарихта қай кезеңінде болмасын пандемияны жеңген тек вакцина екенін білеміз.

Коронавирус инфекциясы өмірімізді өзгерткені белгілі. Қалыпты өмірге қайта оралу үшін, инфекцияға төтеп беретін ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Ел болашағы мен ұлт қауіпсіздігі үшін Бірлік ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясында тұрғындарға «Спутник V» вакцинасы тегін салынатынын жөнінде әрдайым хабарланады. 2021 жылдың 20 мамыр күні COVID-19 індетінің таралуын алдын алу және болдырмау мақсатында округ әкімдігінің ұйымдастыруыменен ZOOM платформасында онлайн конференция өтті. Жиынға Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Мутиева Гүлсара, аурухананың фтизиатр-дәрігері Ахметқалиев Озат және округке қарасты мекеме басшылары, округ мамандары қатысты. Негізігі мәселе бойынша спикерлер өз тәжірибесі және пікірмен бөлісті. «Пандемияны ауыздықтаудың бірден бір жолы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ол үшін тұрғындардың кемі 60 пайызы вакцина алу керек деген пікірді алға тартқан сала мамандары тұрғындарға вакцина алуға кеңес берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521