Тұрғын үй қорларында өрттің негізгі шығу себептері мынадай:
-отпен байқамай әрекет қылу (темекі шегу, от жағу және т.б.);
-электр жүйесін, электр құралдарын, электр-тұрмыстық құралдарды құрастыру және пайдалану ережелерін бұзу (электрлік жүйелерінің көнеруі, аса көп жұмыстардан қорғау аппараттарының жарамсыздығы, электр жүйелерінің дұрыс қосылмауы, электр-тұрмыстық құралдардың ұзақ жұмыс жасауы, тұрғын үйлерге электр жүйелерін енгізу);
- пештер мен түтіндіктердің дұрыс құрылмауы және пештер мен басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
-балалардың отпен ойнауы (қараусыз қалған және т.б. сіріңкемен және күн түсетін заттармен ойнауы);
-өртеу, өрт жіберу.
Өрттің жану белгілерін және өртті анықтаған жағдайдағы іс-әрекет:
- шұғыл «101» телефонына өртке қарсы қызметіне қоңырау шалыңыз;
-өрт болған кезде (тұрғын үйден немесе пәтерден) ғимараттан шығып, өзіңізбен бірге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алыңыз;
-өрт туралы көршілеріңізге хабарлаңыз; газ құбырларын өшіріп, электр токтарын ажыратыңыз.
Сақтандыру шаралары. Өрттің туындауының алдын-алу және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды қолдану қажет:
-тұрғын үйдегі пештер мен мұржаларды үнемі қарау. 3 айда 1 рет мұржаларды тазарту керек;
-тек зауыттан жасалған электр жүйелерін қорғау аппараттарын қолдану;
-үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс;
-жиһаздарды, терезе жапқыштарды және басқа да жанғыш заттарды пештен 0,5 м. кем емес ара қашықтықта орналастыру керек;
-әрбір пештің жағу саңылауының алдына 50×70 см кем емес металдық жайма қағуыңыз қажет.
Дегенмен, тұрғындарға ескертеміз! Өрт қауіпсіздік ережесін дұрыс пайдалансаңыз, қайғылы оқиғаларға жол бермейсіз. Отқа абайлықпен қарап, сақ болыңыздар!
Ғарипжан Нәбидоллаұлы Құрманов,
Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры