Тұрғын үй алудың өз тәртібі бар

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №255 «Тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысы негізінде тұрғын үй комиссиясының құрамы және ережесі бекітіліп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй мәселелері бойынша жұмысшы орган болып бекітілді.

Оның негізгі міндеттері, тәртіптері мен жыл ішінде атқарған жұмыстары жайында бөлім басшысы ӘДІЛБЕК ӘЖІҒАЛИЕВ нақты ақпаратын беріп өтті.

- Бөлім бойынша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» сияқты екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бірінші қызмет бойынша нақтылай кетсем, ол аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Nur-baspana электрондық жүйесінің «ПЭП» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың кезегін, құжаттарын түгендеу кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізіліп отрырылады. Ол үшін әр ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін мерзімді басылымда түгендеу жүргізілетіндігі және тиісті құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлама беріліп, жолығысқандарға тыңғылықты түсіндіріледі.

«Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Facebook парақшасында онлайн режимінде екі рет сұхбат ұйымдастырылды. Түгендеу қорытындысы бойынша аталған комиссияның 3 отырысы өтті.

2020 жыл ішінде әлеуметтік жағынан осал топтан - 13, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардан - 14, жетім балалар және ата-ана қараусыз қалған балалар, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасқа толмай ата-анасыз қалған балалардан - 2, көп балалы отбасынан - 8, тұрғын үйлері авариялық жағдайда деп танылған – 1 адам пәтермен қамтамасыз етілді Түрлі себептермен 16-сы кезегі келіп тұрған тұрғын үйден бас тартты. Жалпы аудан бойынша 42, Дыңғызыл ауылдық округі бойынша 5 адам қызметтік тұрғын үйлерге қоныстанды.

2020 жылдың 9 ай жағдайымен аудан бойынша 957 адам (отбасы) тұрғын үй кезегінде тұр.

Оның ішінде: Әлеуметтік осал топ – 422;

Көп балалы отбасы – 129;

Бюджет сала қызметкерлері – 242;

Жалғыз тұрғын үйлері авариялық жағдайда деп танылған – 11;

Жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 153.

Құрманғазы ауданының ресми сайтында www.atyrau.gov.kz, www.e-gov.kz тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындардың және тұрғын үй алған азаматтардың тізімдері жарияланды. Ондай ақпараттар «Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алдындағы арнайы стендке де ілінді. Кез-келген адамның жеке электрондық цифрлық қолданбасы негізінде Е-gov порталынан кезегі туралы ақпарат алуларына мүмкіндіктері бар.

Тұрғын үй мәселелеріне байланысты заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында аудандық ХҚКО-мен бірлскен түрде семинар-кеңес тұрақты ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. Комиссия мүшелерімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді екінші адресатқа берілмеу (жалдау) фактілерін болдырмау қатан бақылауға алынады. Қазіргі уақытта ондай заң бұзушылықтарға жол берілген емес, жыл басынан бері тұрғын үй комиссиясының шешімдеріне тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521