Түп тереңдету жұмыстарымен таныстым

(0 Votes)

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы іс сапарым кезінде аудандағы өзендердің түбін тереңдетіп қазу жұмыстарымен таныстым.

Нұржау аулының тұсындағы Шора өзенін қазу және Каспий теңізі тамағында Новинск каналындағы түп тереңдету жайын көріп шықтым. Бұл жоба аудан халқы үшін экономикалық-экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды. Құрманғазы Атырау облысының ең сулы өңірі.

Ауданда ірілі-ұсақты жүзден аса өзендер бар. Аудан халқының 95 пайызы осы өзендер бойында орналасқан. Шора өзені мен Ганюшкин, Жарқоса және Новинск каналдарын тереңдету арқылы Каспий теңізіне қосылатын арналар аршылуы керек. Осы жобаға республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңгеге жуық қаржыны бөлу туралы Сенатта ұсыныс жасап, қаржы бөлуге қол жеткізгенбіз.

teree

Сенаттың тұрақты 6 комитетінің 4-і менің депутаттық сұрауымды құптап қол қойған болатын. Бірнеше Сенаторды алдын ала осы жерге алып келіп өзендерде қалыптасқан қиын жағдаймен таныстырған едім. Қолдаған Сенаторларға және осы мәселенің маңыздылығына мән беріп көмек жасаған сол кездегі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ерекше ризашылығымды білдіремін.

teeredetu

Өкінішке орай бұл жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталмайын деп тұр. Келесі жылға 700 млн теңгенің жұмысы қалатын түрі бар. Оның басты себебі Жобалау кезінде кеткен өрескел қателіктер. Жоба сапасыз жасалған. Ол мердігер компаниясының жұмысына қол байлау болды. Мердігер компания тарапынан да ұйымдаствруда кемшіліктер орын алған. Су түбін қазу техникалары (земснаряд) жетіспейді.

Сәрсенбай Еңсегенов,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521