«Түнгі қаладағы балалар»

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі 29.12.2021 жылғы кеңес отырысының №2 хаттамасының 1 тармағына сай, Атырау облысы бойынша 2022 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және зорлық- зомбылық фактілерін алдын алу және болдырмау жөніндегі ведомоствоаралық іс-шаралар жоспарының 3 тармақ 11 тармағына сай, облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараға ауданның ПБ ЖПҚб-нің барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды.

Шаранын оңды өтуіне Құрманғазы ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Н.Кубашевтың бұйрығы шығарылып, оған қоса жоспар, сызба жасақталып, жеке құрам акция өтетін орынға кестеге сай топтарға бөлініп орналастырылды. Оларға басшылық тарапынан жұмысты ұйымдастыру нұскаулар берілді.

Осы рейдтік іс-шара өткізілу кезінде жеке құрам толықтай жұмылдырылды. Сонымен қатар, іс-шараға барлық мүдделі органдарының және ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданымызда орналасқан ойын-сауық мекемелер, дүкендер, сауда үйлері (базар), теміржол вокзалы, жер төлелер тексеру бағытында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Тексеріс жүргізу барысында жасөспірімдерге қатысты заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Барлық сыртқы қызметтер, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында, рейдтік жұмыстар жүргізіліп, барлығы 18 кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізілді. Түнгі мезгілде көшеде жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2,3 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Бала тәрбиесімен тиісті деңгейде айналыспағаны үшін 2 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір жеке тұлға қолайсыз отбасы ретінде профилактикалық есепке қойылды. Атқарылған шаралар бойынша «Facebook» парақшасында жария етілді.

Іс-шара кезінде келеңсіз оқиғалар мен жасөспірімдермен жасалған және оларға қарсы жасалған қылмыстар орын алған жоқ.

 

Т.Исаев, Құрманғазы АПБ

ЖПҚб-нің бастығы

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT