Тұлпары көсемсөздің таң асырған

(0 Votes)

Исатай Балмағамбетовке!

Інімнің бірегейі жанашырым,

Көсемсөз сені қойған таң асырып.

Бауырмал болмайтұғын жайың жоқ ғой,

Өзіңдей он ұрпақтың ағасы кім?

 

Төлбасы кісілігі мол әкенің,

Артыңа адаспайтын жол әкелдің.

Сырбаздық, парасаттың сәні болып,

Алпысқа жан- жағыңмен тола келдің.

 

Жазғыштың кем емессің қандайынан,

Сөйлесең сөз төгілер таңдайыңнан.

Биігін алпыс таудың сен көрсеттің,

Сыйпаса Фариза апа маңдайыңнан.

 

Тұрады жүрегіңдеотың тұнып,

Бастаған келеді алға көшің жүріп.

Жазушы болмай қойдың қанша айтса да,

Ағаңды Рахымжан өкіндіріп.

 

Пейілімен Тойған ана шанады аппақ,

Тіліңе балқыр болар қара тас та.

Тірлігіңді тіл- көзден сақтағай ды,

Көтерткен немерелер Қанағатқа.

 

Қолыңнан зерделі бір іс кетпеді,

Ақ қағаз, қаламыңмен не істетпеді?

Бара алмай өзбектерге қалсақ  дағы,

Есімнен Бішкектегі күн кетпеді.

 

Толған дос алпысыңды толғап жатыр,

Келтірме "Сарайшығың"- орманға кір.

Бәрінен аман өтіп, бағың тассын,

Алдыңда сексен, тоқсан жолдар жатыр.

 

Әріптестік, ағалық ізгі тілекпен: Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521