Түлектердің туған жерге тартуы

(0 Votes)

Мақаш ауылдық округіндегі Карл Маркс атындағы (қазіргі Әбу Сәрсенбаев) орта мектепті 1972 жылы бітірген түлектер, білім ұясынан түлеп ұшқандарына 50 жыл толуына орай туған ауылдарына тамаша тарту жасады.

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Боздақтар алаңы салынып, ескерткіш тақтаға ауылдан соғысқа аттанған 268 боздақтың есімдері жазылды. «Парызын қанмен өтеген майдангерлер» атты екінші тақташада соғыстан жараланып оралған 45 жауынгердің есімдері көрініс тапқан. «Жеңіс үшін тылда тер төккендер» атты үшінші тақташа 28 тыл ардагеріне арналған. Түлектерден Теміржан Картимов бұл құрылысты өз қаражатымен атқарған.

eskertkish-syjlady

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова ізгі тілегін білдірсе, еңбек ардагері Ибатолла Қалиев, түлектер атынан сөз алған Бақтияр Медеуов жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, ауылдың гүлденуін тіледі.

eskertkish-syjlady1

e


Ескерткіш тақта алдына керілген лентаны аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова мен Теміржан Картимов қиды. Одан әрі түлектер ауылдық мәдениет үйінде бас қосып, ұстаздарына құрмет көрсетті. Ауыл өнерпаздары өздерінің әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды.   

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521