Түлектер қияға қанат қақты

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округі, Жыланды ауылына қарасты Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтті.

Биылғы жылы 452 оқушы оқу жылын сәтті аяқтаса, 11 сыныпты 30 түлек тәмамдады. Соңғы қоңырау салтанатында түлектер алдымен құрметпен ортаға шақырылды. Мектеп директоры Бауыржан Бекжанов оқу жылының қорытындысымен ұстаздар мен оқушылардың жетістігі сараланған баяндамасын ұсынды.  

d
 

Мектеп ұстаздары түрлі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, кәсіби еңбектің жемісін көріп келеді. Атап айтсақ: республикалық пәндік олимпиаданың І орын жүлдегері 11 сынып түлегі Н.Қанатқалиева, (ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Мұхамбетчиева), ән айтудан облыстық «Жұлдыз-ай» фестивалінің жүлдегері, (саз пәнінің мұғалімі Ордағалиев Айболат), аудандық, облыстық пәндік олимпиадаға қатысушы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Қабдолова, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының ІІІ орын жүлдегері математика пәнінің мұғалімі Алдамжарова Ләззат, облыстық пед. оқулар байқауының жүлдегері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарасаева Эльмира, математика пәнінің мұғалімдерінің республикалық съезінің делегаты Сара Шәмеденова, оқушылары Ж.Досмұхамедов атындағы облыстық олимпиада жүлдегерлері болған физика пәнінің мұғалімі Зұлхарнаева Биғайша, география пәнінің мұғалімі Капуова Лида, биология пәнінің мұғалімі Наурызбаева Мейрамгүл, оқушылары қазақша күресткен аудандық, облыстық сайыс жүлдегерлері болған дене пәнінің мұғалімі Қоданов Ренат, облыстық «Ақбидай» президенттік көпсайыс І орын жүлдегері болған дене пәнінің мұғалімі Исағалиев Ильясты мақтанышпен айта аламыз.

d

Салтанатты шарада ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Бақтыгереев, ардагер-ұстаз  Қалима Сүндетова,  қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Абуева, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасанов, округ әкімі Оралбай Азимов құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.  Түлектердің дайындаған композициялық қойылымдары тамашаланды. Соңында әрқайсысы бір-біреуден ұстаған күміс қоңырау сыңғыры қияға қанат қаққалы отырған түлектерге сәт сапар тілегендей әсер қалдырды.

d

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT