Құтқару саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

(0 Votes)

Сіздерді, бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз - Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Осы уақыт аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, жедел әрекет ету қағидасы жүйелі жүзеге асырылуда. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы өте зор. Бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Бұл жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.

Себебі сала мамандарының өз істерін абыроймен атқаруы құтқарылған адам өмірімен өлшенеді. Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін сала отырып құтқару жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізіп, елін-жерін қорғап жүрген патриоттарымызға шексіз алғысымды білдіремін.

Құрметті құтқарушылар! Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасы амандығын, ырыс-береке тілеймін.

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер.

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521