Сыннан қорытынды шығарды

(0 Votes)

Өткен аптада аудан әкімі Қайрат Нұртаев салынып жатырған жол құрылыстарын аралап шыққан болатын.

Сол сапарында аудан басшысы Котяев-Шортанбай асфальт жолының сапасына байланысты аздаған сын айтқанын газетіміздің алдыңғы нөмірінде жазғанбыз. Бұл жолдың ұзындығы 12 шақырым. Айналысып жатқан мердігер мекеме «Қарасай строй сервис» ЖШС. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы басында жүрген техникалық бақылаушыға жұмысты тоқтатып, қайта жасауды тапсырған.

Осыған орай мердігер мекеме өз тарапынан кеткен кемшілікті дереу түзетіп, жолдың үстіңгі қабаты қайта жасалғанынан хабардар етті. Бұл туралы аудан әкімдігіне мәлімдеп, қарамай құйып қайта жасалған жұмысты суреттерімен, бейнетүсірілімімен бірге жолдаған екен. Сыннан қорытынды шығара білген мердігердің алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT