СЫНДАРЛЫ СӘТТЕН САБАҚ АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Тәуелсіздік тарихындағы аса күрделі және қатерлі кезең «Қаңтар қасіреті» туындатқан мәселелерді атай келіп, осы оқиғадан сабақ алуға шақырды. Сондай-ақ Президентеліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет екенін, осы бағытта біраз өзгерістер енгізілетінін атап айтты. Одан бөлек халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту бағытында біршама тапсырмалар берді.

Иә, халықтың Президенттен күткені де осы еді. Негізінде ел азаматтарының табысы экономикамен қатар өсуі керек. Алайда бізде халықтың жағдайы тек қағаз жүзінде ғана өсіп отыр. Осыны алға тартқан Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Үкіметкеалдағы 2 айішінде халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарлама дайындауды тапсырды. 

Президент шешілуі тиіс өзекті мәселелер қатарында кедейшілікті жоюды атап өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты заң жобасы әзірленіп жатқанын, кәсіпкерлік бағытында қайтарымсыз гранттың мөлшері екі есе өсетінін жеткізді. Осы бағытта Атамекен ҰКП-ның «Еңбек» бағдарламасы аясында өтетін «Бастау» жобасының кәсіпкерлерге берілетін 200 АЕК гранты 400 АЕК көлемінде өсетінін айтты.Сол секілді жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Соның ішінде техникалық мамандықтарға басымдық берілетіні айтылды. Алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 жаңа жоғары оқу орнының өкілдігі ашылатынын алға тартты. Мұның бәрі де жастарды, жас мамандарды қолдауға бағытталған іс-шаралар екені қуантады.Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жетілдіруге де мән берді. Мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары мен үздік мұғалімдерді қолдау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Президент сондай-ақ Үкіметке бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуді тапсырып, шикізат қорын, құзыреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды анықтау керектігін шегелеп тұрып міндеттеді. Осылайша Үкіметтің жаңа құрамы атқаратын басты міндеттерді жүктеді.

Мемлекет басшысы мән берген тағы бір маңызды сала – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару қажеттілігін айта келіп Президент: «Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды.Былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 миллион тоннаға кеміді.Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті.Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі.Мен бұған дейін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау қажеттігі туралы тапсырма берген болатынмын.Бұл жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылуға тиіс.Біз субсидия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз. Жуырда болған заң бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды» деп атап өтті.Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажеттігін, егер нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейтінін қатаң ескертті.

Еліміз бұрын-соңды болмаған ауыр сәтті бастан кешіп, мемлекеттің басына күн туып, халық абдырап қалған қалған кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның кепілі ретінде жағдайды дер кезінде бағамдап, дұрыс шешім қабылдады.Мемлекет басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірін қорғау және елдегі жағдайды тұрақтандыруды дереу қолға алып, тәуекелге бел буған табанды басшы екенін дәлелдеді. СондықтанПрезидентіміздің еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы, халқымыздың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған маңызды саяси қадамдарына қолдау білдіруіміз қажет.

Президент «Қаңтар қасіреті» деп бағалаған осы бір сындарлы сәттен баршамыз сабақ алуымыз. Қаншама жауынгерлер мен полицейлер Отаны үшін оққа ұшты. Ет жақынынан айырылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла ел үшін шейіт болған ерлердің отбасына, жақындарына күш-қуат берсін. Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде бүлікшілермен қақтығысып, жарақат алған тәртіп сақшылары мен қарапайым тұрғындардыңтезірек сауығуын тілейміз. Қаңтардағы қасірет біздің бала тәрбесінде, жастар тәрбиесінде олқылықтар жібергенімізді дәлелдеді. Бұзақылыққа барған, қаншама мекемелерді қиратып, тонап жатқан жұртшылықты көріп, жүрегіміз ауырды. Бұл жағдай әр ата-ананың баласын елін-жерін сүйетін рухты, көзінде оты бар, көкірегі ояу, көзі ашық, салт-дәстүрін қадірлейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу керек екенін көрсетіп берді. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар да жандануы қажет деп білемін.

 

Біздің күшіміз – бірлікте. Бірлігіміз бекем болсын, ел іргесі сөгілмесін!

 

Замзагүл КАРСАКОВА,

Атырау облыстық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521