Қазір біз дамып келе жатқан 50 елдің қатарындағы жаңа қоғамды қалыптастырушы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу - біздің міндетіміз болғандықтан, мектепке дейінгі мекемелерде «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды, оның пайда болу жағдайларын түсіндіріп, қоғамды улайтын бұл жаман әдетке жоламау және мықтап күресу жолын айқындау керектігін ұғындыру, жақсы мен жаманды ажыратуды үйрету; адал, шыншыл, саналы ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеміз.
Атап айтқанда, балабақшамызда қызметкерлер арасында «Адал көмек» жобасын халықпен жан-жақты ақпараттандыру ұйымда арнайы тақырыптық стенділер жасақталып, жадынамалар түрлі-түсті бояумен шығарылып таратылды. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы насихатталып әлеуметтік желілерге жарияланып, ақпараттар берілді. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты» басшылыққа алып жүмыстанып келеміз. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың орындалысында ІІ жартыжылдық қорытындысы бойынша үйым бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, ресми сайтта жарияланып, сілтемелері чаттарға таратылды.
Амиргалиева Карылгаш Айбулатовна,
«Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы
КМҚК тәрбиешісі, Әдеп уәкілі