Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Қазіргі ғасырда біздің өмір сүріп жатырған заманымыздың ағынымен тең өсіп келе жатырған бәсекелестікке толы жерлерде қоныстанып келеді.
Бүгінгі таңда, парақорлық мемлекеттің дамуына, мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп отырғаны бәріне анық дүние. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болып отырғаны да жасырын дүние емес.
Мемлекеттік органдардың, кәсіпорын мен ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және онда қызмет атқаратын лауазымды азаматтар мен азаматшалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға кез келулерінің себептері көптеп кездесіп жатады. Қызметшілердің кәсіби даму деңгейінің ең төменгі көрсеткіші мен өзіндік ұстаныммен өзін-өзі ұстауының тәкаппарлығы, т.б. әсер етері сөзсіз. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы мен жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың көбеюіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі - жемқорлықтың кең етек жайып, одан әрі ұлғая түсуіне септігін тигізіп жатыр.
Жемқорлықпен күресте адамдардың бәрі заң мен сот алдында теңдей дәрежеде. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жойып қана қоймай, олардың алдын-алу шаралары мен барлық мемлекеттік қызметтер мен лауазымды адамдардың жемқорлықпен күресуіне ортақ міндет болып қойылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де ресурстары мен АКТ-ның дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында қалың жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны дұрыс. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы істерді жою, болдырмау және алдын-алу мақсатындағы маңызды шаралар жүзеге асырылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалармен, өткен семинарлар жарияланып отырады.
Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы тиіс. Қазақта "Тәрбие отбасынан басталады" - деген сөз бар: ата-анасының кез-келген шарауасын пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды деп санап, сол жолмен жүруі мүмкін. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады деп ойлайсыз? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің күннен-күнге жақсарып, қазіргі егеменді елмізде патритот сезімін терең сіңіріп еліміздің дамуына ұйытқы болатын нағыз азамат немесе азаматша шыға ма? Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.
Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сондықтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыла күресіп, іс-қимыл жасасып қатер төндіретін қауіпті кеселді жоюдың және болдырмаудың тетігін табу, әрине өзіміздің қолымызда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылатын іс-шараларды күшейту және қауіпсіздік мәселесіне аса мән беру қажеттілігі туралы әр ісімізді бастамас бұрын бізге ескертіліп отырады. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, осындай келеңсіз жағдайлардың орын алуын болдырмауға бағытталған шаралардың пәрменділігін арттыруға жұмыла бірге күресу қажет. «Сыбайластыққа жол берме!» деген сөз текке айтылмаған, әр адам өзінің ісіне есеп беріп жүру қажет, -деп санаймын.
Рая Қаженова,
Құрманғазы аудандық Қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы