Сыбайлас жемқорлықты болдырмау- басты парыз

(0 Votes)

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады.

Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір бойы тыйым салынған. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етілетінін әрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық орын алған жағдайды хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Елбасымыз халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді. Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі. Мұндай әрекеттер экономикамыздың бәсең дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмендей түсуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан, мемлекеттің барлық органдары мен лауазымды адамдары өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс. Ақкөл ауылдық округі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылып келеді. Азаматтардың тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін кезекке алынған тізім жасалып, округтің дәлізінде ілінген. Округтің жылдық бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда. 2022 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі талдау шілде айында жүргізілетін болады. Округ әкімінің төрағалығымен мамандарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін болдырмау бағытында жиналыс өткізіледі. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш уақытылы қаралып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 7-10-11 «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» орнатылған.

Округ әкім аппаратының бас маманы Г.Ғ.Баянова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT