Сыңғырла, соңғы қоңырау!

(0 Votes)

«Түлек-2022. Жаңа Қазақстанның ертеңі» деп аталатын жиында мектептің түлектері сынып жетекшілері Жанар Қансұлтанова, Гүлдана Хайруллина, Баян Меңдіхановалармен ортаға шақырылды.

Мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы түлектер мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, білім шаңырағының мәртебесін көтеріп жүрген шәкірттер – республикалық, облыстық, аудандық түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Облыстық мәслихат хатысы Зәмзагүл Карсакова жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

abaj6

a

Ата-ана Ермұрат Қаниев, бәтіруші түлектердің сынып жетекшісі Гүлдана Хайруллина, осыдан 20 жыл бұрын бітірген түлектер атынан Нұргүл Әмірғалиева ақжарма тілектерін ақтарса, 11 сынып түлегі Дамира Утибаева аяулы ұстаздарына деген ыстық лебізін білдірді.

a

abaj3

Салтанатты шарада Ту тапсыру, Білім кілтін және спорт кубогын табыстау рәсімдері жасалды. Түлектер дайындаған вальс ұсынылып, ортада дөңгеленген құшақ биі биленді. Қияға қанат қаққалы отырған түлектер күміс қоңырауды сыңғырлатты.     

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT