SUN отырысы өтті

(0 Votes)

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы: «Түлектерін жұмыспен қамти алмайтын жоғары оқу орындарының санын қысқарту мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарастыру керек», - деді Мемлекет басшысы. Бүгінде ел сенімін ақтап, сапалы білім беруге деген адалдық дәстүрін сақтап келе жатырған оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен де байланысын жолға қойған. Жақында білім ұясының кітапханасында Жібек жолы университеттері альянсы Бас Ассамблеясының отырысы (SUN) және «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» сессиясы бір уақытта өтті. Оның жұмысына әлемнің 19 елінен 50 университеттің жүзден астам делегаты қатысты. Ассамблеяның бас хатшысы Сандон Хван отырысты аша отырып, аталған кездесудің маңыздылығын атап өтті. Жақында ұйым құрамына Ауғанстан, Польша, Өзбекстан, Корея, Дубай және Иран университеттерінен тоғыз жаңа мүше қабылданды. Бүгінгі таңда SUN әлемнің 135-тен астам жоғары оқу орнын біріктіреді.

Кездесу аясында ұйымның қаржы-экономикалық қызметі туралы есеп пен ағымдағы және болашақтағы іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы ақпарат тыңдалды. Осылайша ағымдағы жылдың қыркүйек және қараша айларында Имам Хомейни атындағы (Иран) халықаралық университетте халықаралық конференция мен симпозиум өткізу жоспарланып отыр. Келесі жылы «Жібек жолының түстері» фотоконкурсы, «Жібек жолы бойындағы базар, сауда» фильмдер фестивалін өткізу жоспарланған.

Осындай этно байқаулар осы жылы да жарияланды. Оған әлемнің 25 университетінен өтінім берілді. Жастар арасында өз таланттарымен сынға түсетін жалпы төрт мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ұйым «Вестник» журналының екі басылымын шығарады. Жібек жолы университеттері альянысы (SUN) Бас Ассамблеясының кезекті отырысын Анкарада 2020 жылы өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ SUN университеттерінің студенттері халықаралық бос орындар жәрмеңкесіне, жастар симфониялық оркестрлері арасындағы байқауға, тілдік бағдарламалар және басқа да байқауларға қатыса алады. Бұл олардың жоғары оқу орынының қабырғасынан ұшқаннан кейін жұмыссыз қалмауын қамтамасыз етеді.

Р.Ережепқызы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің аға оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT