Сумен қамтуды жолға қою керек

(0 Votes)

Жамбыл ауылындағы 114 тұрғын үйдегі 600-дей адамды сумен қамту қиындық туғызып отыр.

Мұндағы су тазарту имаратындағы бір сорғы Бірлік және Амангелді ауылдарына су айдайды. Екі мезгіл жіберілсе де су жетпей отырғанын естіген аудан басшысы Қ.Нұртаев: «Шағын ауылды сумен қамту қиындық тудырып отырғаны қалай? Бұл әуелде жобалағанда кеткен кемшіліктің салдары», деп мұны шешуді қасына ерген лауазым иелеріне міндеттеді.

Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Хамзаева су келетін каналдың 7 шақырымын тереңдету жұмыстары жүргізілмесе, ауылды сумен қамту қиындайтынын жеткізді.

Кудряшов ауылындағы 624 орындық, 328 бала оқитын Гоголь атындағы орта мектептің екі бірдей спорт залы бар болғанымен жуынатын орын жоқ. Аудан әкімі Қ.Нұртаев күрделі жөндеу жүргізуге көп уақыт кететіндіктен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Сүндетовке жуынатын су тартып беру жолын қарастыруды тапсырды. «Асылай» балабақшасында 95 бала тәрбиеленуде, өкінішке орай мұнда да судың жүруі нашар. 42 бала кезекте тұрғандықтан алға қарай жаңа балабақша салынуы керектігі айқын нәрсе. Округтегі су тазарту имараты ауылды, мектепті, жартылай Котяев ауылын қамтиды.

Байда ауылдық округіндегі «Айгерім» балабақшасының судан өзге мәселесі жоқ болып шықты. Ауылдағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде де су да, құдық та жоқ.

 

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521