Сүйіндікте «Жыл мұғалімі-2023» байқауы өтті

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде «Жыл мұғалімі-2023» мектепшілік байқауы өтті. Оған мектептің 12 мұғалімі қатысып, бақтарын сынады.

Байқаудың мақсаты-шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты, өзіндік жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқаудың ашылуында мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа әділқазылар алқасы төрелік етті. Бірінші кезекте байқауға қатысушылар «Мамандығым – мақтанышым» деп аталатын таныстырылым ұйымдастырылды. Екінші кезең «Сабағым –кәсіби тұжырымның айнасы» бұнда әр ұстаз өзінің педагогикалық шеберлігін, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін айқындайды. «Заманауи педагогикалық және цифрлық технологиялар» деп аталатын үшінші кезеңде мұғалімдер сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

Байқау қорытындысымен «Жыл мұғалімі-2023» бас жүлдеге Райла Амангелдіқызы лайық деп танылды. Бірінші орынды Эльза Айдынқызы, екінші орынды Лағыл Алмасқызы, Гулназым Ғинетоллақызы, үшінші орынды Валентина Қуанғалиқызы, Жаңылсын Хабиболлақызы, Нұргүл Мұстахимқызы иемденді.

Бауыржан Хасантаев,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT