Сүйіндік ауылынан дәрігерлік амбулатория салынуда

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында, шалғай өңір Сүйіндік ауылынан ауылдық дәрігерлік амбулатория салынуда, ол ауысымда 25 пациентке қызмет көрсетуге арналған, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті - аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу.

Аудан басшысы Абат Жанғалиев әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстарымен танысып, ауданнан шалғай елді мекен тұрғындары игілігіне салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияны жоспарланған уақытында, сапалы аяқтауды міндеттеді.

Ауылдық дәрігерлік амбулатория 2630 тұрғыны бар Сүйіндік ауылдық округінің 4 елді мекенінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге арналған.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын атқарушы мердігер мекеме – «Декор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Тапсырыс беруші – Атырау облыстық құрылыс басқармасы.

Қазіргі таңда нысан басында іргетасын құю жұмыстары атқарылуда.

Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 5 айға жоспарланған.

ФОТО: Құрманғазы аудан әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT