Судан құтқару бөлімшесі ашылды

(0 Votes)

Осындан екі жыл бұрын жұмысын тоқтатқан судан құтқару жасағы қайта құрылды. Яғни, аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан  Жедел құтқару жасағы бөлімшесі ашылды.

vodolaz

Олардың миссиясы – тұрғындарды су айдынындағы түрлі қауіптен құтқару болмақ. Ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы, облыстық ТЖ департаментінің басшысы Омар Құмарұлы және Азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлері мен ардагерлері қатысты. Шара барысында сөз алған Марат Мурзиев құрманғазылықтарды қуанышымен құттықтап, аяқ-асты орын алар апаттың, дер кезінде шарасын қабылдайтын мүмкіндік туғанын атап өтті.

- Ауданымыздың географиялық орналасуына қарай Қиғаш, Шарон өзендерінің саласымен бірқатар өзектер де орналасқан. Сондықтан жергілікті халықтың тұрмысы сумен тығыз байланысты. Апат айтып келмейді. Осындай бөлімшені ашу арқылы біз құтқару қызметіне ерекше көңіл бөліп, оны күшейтуде кез-келген тосын жағдайларға әзір боламыз,-деп сөзін аяқтады.

vodolaz1

Аталған құрамның басшысы болып командир  Нұржан Рахимов сайланды. Арнайы құрылған жасақта төрт ауысыммен екі қызметкер, жалпы 9 адам жұмыс жасайды. Оған қоса, суға батқан жанды іздеу үшін арнайы бельгиялық малинуа тұқымдас қабаған итін де үйретуде. Сонымен қатар, 2 арнайы көлік, 2 жүзу көлігімен қамтылған.

Шара соңында құтқарушылар арнайы қайықпен суға батып бара жатқан адамды құтқарудағы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Кейін алдын ала тасталған тақтайшаны табу үшін гидрокиім киген сүңгуір 3 метрлік тереңдікке түсірілді.  

vodolaz3

vodolaz4

Айта кетейік, соңғы екі жылда ауданымызда судағы 14 қайғылы оқиға тіркелген болатын.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521