Судағы балыққа да ауа қажет

(0 Votes)

Биылғы қыстың ауа райы өте құбылмалы. Біраз күн жылы болып тұрады да аяқ астынан күн суытып шыға келеді. Өзен-көлдердің мұздың қалыңдығы анау айтқан болмағанымен судың таяздығы ондағы балық атаулының тұншығып қалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Түнгі қарсыз қара суықтық мұзды қалыңдата түседі. Соның салдарынан мұз астындағы балықтарға ауа жетіспестігі туындайды. Мұздың қалың қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына мүмкіндік бермейді. Содан келіп балықтардың ауа жетпей қырылуы орын алады. Мұндай құбылысты балықтардың тұншығуы(замор) деп атайды. Оны болдырмау үшін әр табиғат қорын пайдаланушы өздеріне бөлініп берілген учаскелерден балық демалатын ойықтар дайындайды. Мұздан үкі жасайды, соған қамыс-бауларды салады, немесе үлкен ойық дайындайды. Сөйтіп, су астына ауа жіберіп, балықты аман сақтап қала алады.

«Каспий-Балық» өндірістік кооперативі Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігіндегі «Жаркоса», «Новинск», «Песок», «Ягодка», «Булгачный», «Бахыт» балық аулау учаскелерінде мұзда ойық жасап, оттегін толтыру жұмыстарын жүргізді. Бұған ұжымның 15 балықшысы жұмылдырылып, 200-деген үкі ойылып, жан-жағына қауіпсіздік белгілері қойылды. Құрманғазы балық инспекциясы мамандарының қадағалауымен жүргізілген балықтың тұншығу қаупінің алдын алу шараларына Әліби Теміртасов жетекшілік жасады.

Жалпы, мұндай жұмыстар барлық табиғат пайдаланушымен жасалады. Себебі, қатты аязды күні су айдынының толығымен қатып қалу қаупі басым. Бұған жауапты сала мамандарының арнайы жоспары бар, соған сай мұз ою жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT