Судағы қауіпсіздік ережелері

(0 Votes)

Су, әрине, біздің досымыз. Бірақ кейбір жағдайларда су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде белгілі ережелерді сақтауы қажет.

10 маңызды «болмайды»:

Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға БОЛМАЙДЫ. Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге БОЛМАЙДЫ. Бір-бір жарым сағат өтуі керек. Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз, егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ. Зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге БОЛМАЙДЫ. Дауыл кезінде теңізге баруға БОЛМАЙДЫ. Жүзе білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жіберуге БОЛМАЙДЫ. Шеңберлер мен матрастарда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ. Суда тым ұзақ уақыт болуға БОЛМАЙДЫ, бір рет 10-15 минут жеткілікті. Қатты ағысты жерлерде жүзуге БОЛМАЙДЫ. Тым суық суға шомылуға БОЛМАЙДЫ (16 градустан төмен болмау керек).

Қайықтардың, катерлердің және кемелердің жанында жүзуге тыйым салынады. Ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және сананың жоғалуына әкелуі мүмкін. Бірде-бір жағдайда қарсылас су астында ұстап тұрған кезде ойын ойнауға болмайды, бұл өте қауіпті. Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін.

Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомыла алады! Бұл негізгі ереже.

Бұл ережелер туралы балаға алдын ала айту керек.

 

Қайрат Алмабек

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар

бөлімінің инженері а/қ аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT