Су мәселесі шешілмей тұр

(0 Votes)

Су тіршілік нәрі, онсыз өмірді, тіршілікті елестету мүмкін емес.

Жаз келсе Самаркин ауылында су жүрмей, еккен талы мен егіндері қурап, амалы таусылған тұрғындардың жанайқайын ешкім естімейді. Аптап ыстықта үлкен қариясы бар үйдің бала-шаға, жан-жануары шөлдеп берекеті кетеді. Себебі іргедегі өзен суы да маусым ауа тартылып, иістеніп, батпаққа айналып жарамсыз болады.

Жылда шырылдап, арызданып әрекет еткен халықтың енді жоғары жақтарға шағыммен шықпаса басқа шарасы қалмады. Су беретін мекеменің табалдырығын тоздырып, олардың «Қондырғы орнатып жатырмыз, ертең қарқ қыламыз», деген шығарып салма сөзіне сеніп, «ертеңді» күткеніне де біраз жылға жуықтады.

Халық сенімін арқалаған депутаттарымыз, билік тізгінін ұстаған әкімдеріміз тұрғындарды осылай әуре-сарсаңға салмай, айтқан шағымдарды елеп, нәтиже шығаратын күні болар ма екен? Қашанға дейін күтеміз? Ауыз су керек! Су мәселесін шешуді талап етеміз!

Г.Құлбаева,

Самаркин ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT