Су мәселесі біртіндеп шешіледі

(0 Votes)

Аудандық газетте жазылған «Самаркинге су керек», деген материалға орай төмендегідей жауап береміз.

Құрманғазы ауданындағы су тазарту иммараттары үздіксіз жұмыс жасап тұр. Ауыз су беруде кідіріс жоқ. Қыста оның жетіспеушілігі мүлдем болмайды. Ешбір адамнан шағым да түспейді. Десек те үлкен мәселе болып отырған көктем мен жаз айларында ауыз сумен қамту. Оның бірден-бір себебі жазғы су құбырының тартылмауынан.

Сондықтан тұрғындар ауыз суды егін, бақша суаруға пайдаланады. Ауыз су оған арналмағанын ескермейді. Жағалай насос қойып алғандықтан шет жақтарға бармайды. Міне, осының салдарынан ауыз су жетіспеуі мәселесі туындап отыр. Су тазарту нысандарына қуатты насос қойып та көрдік, бірақ бұл мәселе шешімін таппауда. Оның жалғыз ғана жолы – жазғы су құбырын тарту. Осы мәселені біртіндеп шешу мақсатында Құрманғазы ауылының Самаркино аумағына (№ҚСҚKAZ-0404/18, 28 желтоқсан 2018 жыл), Ақкөл (№ЭА-0024/19, 19 сәуір 2019 жыл), Котяевка (№ҚСҚKAZ-0403/18, 28 желтоқсан 2018 жыл), Теңіз (№ҚСҚKAZ-0405/18, 28 желтоқсан 2018 жыл) ауылдарына жазғы су құбырының құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттама жасақталды.

Күні бүгін жазғы су желілерінің құрылысына жергілікті бюджеттен 675 363,0 мың теңге сұратылған. Әзірге қаржы бөліне қойған жоқ. Сондай-ақ ауданға қарасты басқа да 10 елді мекенге жазғы су құбырының құрылысын салуға жобалау сметалық құжаттама жасақтау үшін жергілікті бюджеттен 78 261,0 мың теңге қаржы сұратылған болатын. Алайда күні бүгін қаржы бөлінбей отыр. Алға қарай тиісті қаржысы бөлінсе жазғы су құбырын тарту мәселесі шешіліп, тіршілік нәрімен қамту мәселесі жолға қойылады.

Жастілек Хасанов, аудан әкімінің орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT