Су қауіпсіздігі жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

(0 Votes)

Аса қауіпті кезең бұл суға түсу маусымы. Суға кетудің басты себебінің бірі - бұл судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, белгіленбеген орындарда суға шомылу.

Маусым басталғалы бері ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында округ әкімі аппараты төтенше жағдайлар қызметі, ішкі істер органдарымен бірлесе тұрғындар арасында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар өткізіп келеді.

Осы орайда, Құрманғазы АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция лейтенанты Түсіпова Жұлдыз Алғадайқызы және Құрманғазы АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Сдыхов Нұржан Болатұлы және Құрманғазы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инжері Манатов Дәулет, Ахметов Нұржігітпен бірге судағы төтенше жағдайларды болдырмау және қауіпсіздік шаралары бойынша рейдке шығып, су қауіпсіздігі жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта да суға түсу орындарына күнделікті рейд жүргізіліп, бақылау шаралары күшейтілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT