Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғыға душар етуі әбден мүмкін.
Жазғы каникул кезінде ересектер балалардың уақыт өткізуіне ерекше назар аударуы керек. Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
Бұл келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суға шомылатын жерді, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Тамақ ішкеннен кейін бірден, өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. Қоршау белгілерінен, қауіпті аумаққа шықпаңыз. Өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне асқан жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн.
Э.Жонисова,
аудандық полиция бөлімінің
ЖПҚБ-нің ЮПТ-ң аға УПИ