Суға шомылуда бейқам болыңыз!

(0 Votes)

Жазғы мезгілдің өзіндік ерекшелігі көп.

Күн жылып, температурасы көтерілісімен көпшілік суға шомылуға асығады. Әсіресе, бала біткен дәл осы мезгілде еркін демалып, күнге қыздырынып, суға түсіп бір жасап қалады. Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы да бар, десе де, өміріне тудыратын қаупі де жоқ емес.

Тілсіз жаудың зардабын тартқандардың көбі суға шомылу ережесін бұзғандар болса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз. Сондықтан, сіз жағажайға барсаңыз қашанда қауіпсіздік ережелерін естен шығармаңыз.

-Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағалаулар мен орындарды пайдаланыңыздар;

-Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар.

Тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар. Бәле аяқ астында екенін естен шығармай, суға түсуге барғанда сақ болыңыздар. Өйткені, оның қызығы мен шыжығы, пайдасы мен қаупі қатар жүретінін естен шығармайық.

Р.Зиноллаев, АПБ ЖПҚб ЮПТ-ның КТІЖ-гі аға УПИ полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT